logo
 
?

казино ривьера капчагай

Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз – туристік-экскурсиялық қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын, табиғаттың және адамдардың күшімен салынған объектілер мен қоршаған орта құбылыстарының жиынтығы.

Рекреацияның алғышарттары ретінде әр түрлі рангтағы табиғи-территориялық комплекстер, олардың компоненттері кіреді.

Табиғи-рекреациялық ресурстар бұл – рекреациялық іс-әрекеттер үшін комфорттық қасиеттерге толы, белгілі бір уақыттарда демалыс және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болатын табиғи және табиғи-техникалық географиялық жүйелер, денелер мен табиғаттың құбылыстары.

Табиғи рекреациялық ресурстар демалушылардың демалу және саяхаттау ауданын тандауда үлкен рөль атқарады.

Қапшағай аймағында рекреациялық ресурстар жақсы дамыған. Жасыл желек жамылған әсем және таза, туризм орталықтарының бірі – Қапшағай қаласы.

Осы көгаландыруға және абаттандыруға жас шыбықтар мен гүлдер әр түрлі, шағын архитектуралық формалар, ландшафтық шешімдер пайдаланылады.

Жаздың жарқын күндерін толық сезіну, экстрим, көңілді және демалыстан рахат алу Қапшағайдан әрбір туристің әсері.

Толқынды бассейін аймағында, су құламаларында уақытты тамаша өткізуге болады.

Оңтүстік астанаға жақын орналасқан Қапшағай су қоймасы – қала тұрғындарының сүйікті орны.

Суға түсу мезгілінде өзінің жағалауына мыңдаған демалушыларды жинайды.

Өлкенің табиғаты тамаша, Қапшағайдың сұлулығын көруге Алматы мен Алматы облысынан ғана емес, бүкіл Қазақстаннан туристер келеді [1].

Қапшағай су қоймасы 1969 жылы Іле өзенінің бойында су электр стансасын салуға байланысты салынған. Ауданы 1847 шаршы км, ұзындығы 187 шақырым, енді жері 23 шақырым, орташа тереңдігі 15 метр, ең тері жері 46 метр, шарасының жоспарлы сиымдылығы 26 текше метр, Іле өзенінің жылдық ағысынан 1,9 есе артық.